Сигнал беру

lat: Sıgnal berý

(Signaling) мемлекеттердің өзара байланыс жасау, бір-біріне ықпал ету құралдарының бірі (коммуникация механизмі): жария немесе құпия түрде хабар беру, қауіп төндіру, сес көрсету, талап қою, ұсыныс жасау, өзге акторлармен қарым-қатынасты нығайту не бұзу арқылы бақылаушыларға ниет-пиғылды, мақсат-мүддені аңғарту.